Мен аңсаған патшалық
- 0
- 0
Кешегі мен бүгінгі, ертеңгінің,
Мақсаты – ұстау қолына ел теңдігін.
Өткізбесе болғаны күнін күпті –
Қияды деп қиналып желкемді кім?!
Бұл бетте «Нені іздейсің көңілім, нені іздейсің?» атты Дильназ Бешир жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кешегі мен бүгінгі, ертеңгінің,
Мақсаты – ұстау қолына ел теңдігін.
Өткізбесе болғаны күнін күпті –
Қияды деп қиналып желкемді кім?!
Біреуді біреу жәбірлеп,
Айнала айғай, дабыр көп.
Жүгенсіз мынау жалғанда,
Сабырлы ет, Аллаһ, сабырлы ет!
Пәктіктің танып білмей биіктігін,
Дүміне табынады иықтының.
Жіберер арсыздыққа айырбастап,
Құшағын оттай болған сүйктінің.
Ұйқылының парқы не ояуменен,
Өлі тәнге оны мен таяу дер ем.
Көзі ашықты ақ нұрлар аймаласа,
Ұйқы қоңыр қоршалар бояуменен.
Көз алдыңнан көрінсе де қаңдай шың,
Оған жетпей, жүрісіңнен танбайсың.
Егер АЛЛАҺ сәтін мүлде салмаса,
Өзіңді-өзің алып шыға алмайсың.
Тамшыдан тасыған су құралады,
Арымның аз емес-ау, күнә-дағы.
Жалғаннан жаман зардап үйір еткен,
Жанымның жазығы мен қыр алабы.
Ақберен
іздегені жақсы емес па?