Мен бір күні
Бұл бетте «Мен бір күні» атты Nurbek9523 жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен бір күні...
_
Мен бір күні, лапылдаймын жанамын,
Түбін жазып жүректегі жараның.
Менсінбеген баяғыда кеудеңнің,
Күліп тұрып , зәре құтын аламын.
_
Бүгін мейлі , тынысымнан тарылам,
Мен бір күні , ауыр мұңнан арылам.
Тұнып - тынып ақыры мен оянам,
Мөлдіреген, бұлақ болып жарылам.
_
Сырт көздерге бейшара бір сығаймын,
Десе - десін , мен оғанда шыдаймын.
Сабыр - сабыр , сабыр түбі жеткізер,
Бағым жанар , көзі түссе құдайдың.
_
Қазір кіммін ертең кіммін кім білер,
Аман болсын тілің жанды тілгілер.
Алма кезек дөңгелеген жалғанда,
Кезек келер мыйығымнан бір күлер.
_
Автор: Нұрбек Бекұлы
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі