Өлең, жыр, ақындар

Намыс

Намыс

Намыс деген ұлы сөздің атын ұқ,
Жатпасаңда бірдеңені қатырып.
Сол намысын —
жоғалтқандар бойынан,
Олар нағыз мақұлық...

Әйгіледі тамақ ішіп озғанын,
Осы болар жүнжіп іштен тозғаның.
Ұнатпайды қолын ұшын созғанын,
Ұмытқандар , ұят арын ожданын.
Жау жүрек ел тас жүрекке айналды,
Жоғары ұстап ұлт қамынан өз қамын.

Көктем келді қыз сандары жалтырап,
Көріп тұрып денем кетті қалтырап.
Тал мүсінін көрсеткенге мәз болмай,
Отырса игі Ана атанып жарқырап.

Сыпырылып түсті ұятың шешінгенде,
Жә ақталма ұнайды рас төсің елге.
Тек өзің білесіңғой , бірақ айтшы,
Не айтасың ертең қыз өсіргенде?
« Жастық күннің тамыры кесілгенде »

Күрсінді ішке тартып күдік демін,
Ақтадың ба қыздардың үміттерін?
Мешітке емес төсекке сүйреледің,
Жатқыздың өз қолыңмен бүгіп белін.
Қыздың бәрі қыз емес - деп көпірдің,
Етегін өзің ашып жігіттерім.

Жүрегіңді ауырытпайды сыз неге?
Кеудең онда еттен емес мұз дене.
Өртенбесең ұлтың үшін намыстан,
Қатын болар қызды елден іздеме.

Жанарыңның қайда кетті оты ұшқан?
Кеше бабам біздер үшін соғысқан.
Дәл осылай намыс төмен тапталса,
Таусылмайды сұмдық апат оқыстан.
( Табылады сәби әлі қоқыстан)

Жібек ғұмыр заманына таланған,
Жерінді ме қалай адам адамнан.
Менің анық білетінім адамдар,
Мейірімсіз туылмадың анаңнан.
Кінәні біз іздеймейік ғаламнан.
Жер бетіне жіберілген бар пенде,
Бақытты болуы үшін жаралған.

Ауырады тек осыған нақ басым,
Намыссыздық —
дерттен Алла сақтасын.
Көргенімді жаздым тізіп өлеңге,
Көрмегендер қалағанша даттасын.

Автор: Нұрбек Бекұлы



Пікірлер (2)

Aizhan201075

 Нұрбек өленіңіз керемет! Қазақ жігіттері сіздей болсын саналы!

Зада

Керемет олен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз