Ай сығалап әйнектен – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Ай сығалап әйнектен» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.12.2018
  • 0
  • 0
  • 1814
Кейбір кезде көңіл жүдеп,
Қайдағы бір қайғы өпкен.
Қыр самалын аңсаймын кеп,
Аймалайтын жайлы еппен.
Белгісіз бір сағыныш билеп,
Ай қарайды әйнектен.
Ай сәулесі жүзін бояп,
Әндетеді бойжеткен.
Шақтарымда қиял толқып,
Тұңғиыққа ой кеткен,
Сергітетін сезіміңді,
Болмапты ғой той көптен.
Саусаққа ұқсап тырсылдатқан,
Жапырақ па еді әйнектен...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері