Ана жүрегі! – Айдана Жанболат

Бұл бетте «Ана жүрегі!» атты Айдана Жанболат жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Ана деген әрқашанда киелі,
Ана алдында әлем басын иеді.
Жаһандағы жылулықты жинаған,
Анамыздың мейірі мол жүрегі.
Барлығына мұңаятын бір өзі,
Ұл-қызының амандығы-тілегі.
Алаңдаумен бар ғұмыры өтетін,
Анамыздың құрақ-құрақ жүрегі.
Бұл ғаламның ең қажетті тірегі,
Күш беретін көңілдерге нұр өңі.
Ғаламдағы күн-шуақты толтырған,
Анамыздың кең ғой,шіркін жүрегі!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ана жүрегі! өлеңінің авторы кім?

Айдана Жанболат — осы өлеңнің авторы.

Ана жүрегі! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ана жүрегі! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ана жүрегі! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар