Бір қыз көрдім

Бұл бетте «Бір қыз көрдім» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1323
Бір қыз көрдім кинода
Бейне жанды қуыршақ;
Аты кім, деп қинама,
Шырамыттым түрін шақ.
Шошайта бір үйілген
Шашы бейне шөмелей,
Төбесіне түйілген
Қойғандай-ақ шегелей.
– Сұлу шашың, шырағым,
Сыймады ма басыңа?
Дегім келіп сұрағым,
Дей алмадым ашына.
Сыбап қара бояуға
Сырлапты көз сүрмелеп;
Таңырқадым оған да, –
Сахнада жүр ме деп?
Шақ ұстадым өзімді
Ұялғаннан тұтанып,
Айта алмадым – көзіңді
Бұзбасын деп у тамып.
Боялыпты қап-қара
Кірпігі де малшынып,
Қараса – тұр атқалы
Садақтайын шаншылып..
Неге өзіңді әуреге
Салдың бояп құлшынып?
Дегім келді бірдеңе,
Дей алмадым қысылып.
Көйлегінің етегі
Делдиген бір парашют,
Сезе ме екен,
ол тегі,
Тұр мағанын жарасып?
Соны көріп,
тағы да
Қызарып, бір қуарып,
Айтайын деп қалдым да,
Айта алмадым ұялып...
Өз келбетің мың есе
Сұлу күллі бояудан,
Өз жүзіңнен,
немесе,
Бояу сұлу дей алман!
Сұлулықты жан ылғи
Бояп қолдан жасар ма,
Өз көркіңнен табиғи
Жалған бояу асар ма?
Сырды неге сыбадың,
Ұнат, мейлің ұнатпа?»
Дегім келді, – шырағым.
Дей алмадым бірақ та!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір қыз көрдім өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Бір қыз көрдім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір қыз көрдім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір қыз көрдім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері