Тілек

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 24.07.2020
  • 0
  • 0
  • 5721
Сенім керек –
Үмітімнің шырағы,
Біліп тұрып, білгім келіп тұрады.
Жылдарды емес, табиғаттың әр кезгі,
Мезгілдерін сүргім келіп тұрады.
Қиял керек –
Арманымның бұлағы,
Бақытыма сенгім келіп тұрады.
Жаратылыс құпиясын білуге,
Барлық затқа енгім келіп тұрады.
Өмір керек –
Жаратқанның сынағы,
Құлап жатып, тұрғым келіп тұрады,
Мен тағдырдың адастырған соқпағын,
Ақиқатқа бұрғым келіп тұрады.
Ілім керек –
Сана-сезім жұмағы,
Аппақ нұрға толғым келіп тұрады.
Мен пейіште әр қазақтың баласын,
Көргім келіп тұрады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тілек өлеңінің авторы кім?

Ақберен Елгезек — осы өлеңнің авторы.

Тілек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Тілек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақберен Елгезек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тілек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері