Заман – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Заман» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3562
Мына заман алағай да, бұлағай,
Өтіп жатыр жағдайымды сұрамай.
Тірлік қамы тұралатып жүрсе де,
Көңілімнің бүгінде тұр Абай!
«Жазғаныннан теңге түссе бір сәрі,
Осы күпі кетіп тұр, - деп, - жыр сәні».
Өлең сөздің киесінен қорықпай,
«Ақылгөйлер» маған кейде ұрсады.
Жөн еді ғой маңдай термен келсе құт,
He берсе де, еңбекке сай берсе құп.
Олай емес, олай емес өмірде,
Жатыр бәрі басқа жолмен өлшеніп.
Шын зиялы ар-намысты келеді,
Іс тындырса, тындырады келелі.
Өлермендер өтімді боп тұр қазір,
Ойлыларға құдай қашан береді.
Болашаққа жолдап өлең, жолдап ән,
Күні-түні мен тынымсыз толғанам.
Сарқылмайды қаламымның қуаты,
Дем береді, дем береді сол маған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Заман өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Заман өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Заман өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Заман өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері