Өлең, жыр, ақындар

Кешіргін, қала!

  • 18.04.2015
  • 2
  • 1
  • 25322
Көгенде қозы,
Желіде ңұлын байлауда.
Жерошақ бықсып,
Қазанда бағлан қайнауда.
Қазақы үйдің қайыра түріп іргесін,
Қайғысыз, қамсыз отырушы едім жайлауда.
Сап-сары қымыз сарқылмаушы еді кеседен,
Отырушы едім, көгеріп, шалқып көсегем.
Оңымнан Айым, Жұлдызым туып солымнан
Бақытты екем жаралған ерек пешенем.
Ол-дағы өтті...
Оны да місе тұтпадым,
Нәр алдым, бірақ нәсілге ол да жұқпады.
Қалаға келдім,
Тас үйде тұрмын, тамаша!
Тауықтың еті, жүзімнің суы жұтқаным.
Тамаша қала!
Обалы босқа не керек.
Құйысқан өріп, жатпаймын таға шегелеп.
Алып қаланың аздаған шуы болмаса,
Қызыл да жасыл, қым-қиғаш әсем төңірек.
Қалада мынау тұрмыс та ерен, күй де ерен
Көрместі көріп, білместі біліп, үйренем.
Сәл ғана жаным қинала қалса, дүрлігіп
Дүниенің бәрін шақырып алам үйге мен.
Дерт дейтін дерт жоқ,
Дертсіз де қажып, ауырдым.
Ем болар ма екен, түтіні туған ауылдың?!
Қайырымды қала,
Кешіргін мені, қайтейін?
Жатайын барып, төсінде асқар тауымның
Кешіргін мені,
Көк жайлауымды сағындым!



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Соғыстың соңғы көктемі

  • 1
  • 22

Жасылмен бояп қойған ба?!
Жап-жасыл таудың бөктері
Қырлар да, мынау ойлар да,
Жап-жасыл болып көктеді.

Толық

Ағажан

  • 1
  • 5

Әбілмәжін Жумабаевқа
Жүр едім айыға алмай көптен бері,
Қандай күш айықтырып кеткен мені?!
Жаураған жауқазын ем бөктердегі,

Толық

Көшеде

  • 2
  • 13

Мен жолымды берейін, өт қарағым,
Несін күттің, несіне көп қарадың?
Анасының бергенін саған берген,
Аруағынан айналдым текті Ананың!

Толық