Көріп ем "батыр" болып мақтан үшін – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Көріп ем "батыр" болып мақтан үшін» атты Сәкен Иманасов жазған ерлік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 653
Көріп ем "батыр" болып мақтан үшін,
жетпеді жақын түгіл, жатқа күшім, с
оған да қыбы қана,
ұлып ала
жөнелді сауысқаннан сақ танысым.
Ерем деп алағай мен бұлағайға,
құл қайда, білмей қалдым, құда қайда!
(Құдайға жатпай-тұрмай жалбарындым:
"Жасаған, бере көр, — деп, — шыдам, айла!")
Оның да көрінді ме көзіне жын,
"тәубалап",
тоқтам айттым өзіме өзім.
Алауыз ағайыннан құптау күтіп,
зытты-ау бір
маңайымнан безіп езің!
Кім білсін,
енді қанша созыларын,
тартылып бара жатты тозып арын.
Не дейін құдайға да тым құрыса
қимаған туысқанның сөз ұғарын!
Көңілдің құйрық-жалы күзелгесін,
қайтеміз айта беріп біз өңгесін.
Абай да күңіреніп өтті емес пе,
қазақтың көзбен көріп түзелмесін!
Сөзіме дос таласып, қас таласып,
жатқан соң өз мұңым да бастан асып,
осынау сәлемімді жұма күні
жібердім елге қарай тасқа басып!

28 наурыз 2003 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көріп ем "батыр" болып мақтан үшін өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Көріп ем "батыр" болып мақтан үшін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көріп ем "батыр" болып мақтан үшін өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ерлік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көріп ем "батыр" болып мақтан үшін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері