Жұмбақ – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Жұмбақ» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.06.2022
  • 0
  • 0
  • 985
Бір жұмбақ айтайын —
Шешсең —
Мына менен
Қалайтыныңды ал.
... Менің кейде
Космосқа шығып
Қарайтыным бар:
Жердің сонау шетінде
Жалды бір арыстан
Құйрығымен
Жер сабалап
Шабынып тұр.
Біреулер оған
Мән бермей,
Ал біреулер
Жағынып тұр.
Әне бір елде
Үстінде —
Қару-жарағы,
Қасында есегі,
Балп-балп басып
Сауырлы піл барады.
Сол бір кезде
Мына бір шеттен
Қоңыр аюдың
Омартаға қарай
Мойынын бұра бергені...
Осыны күткендей
Алып айджаһардың
Жыныс ішінен
Аранын ашып
Шыға келгені...
Әне бір жақта
Өзін өзі
Керемет көріп
Сиыр жүр...
... Осылардың
Аяқтарына оратылып
Кішкентай бір қанден
Бір олай жүгіріп,
Бір былай жүгіріп
Шәуілдеп үріп жүр...
Шешуін тап!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұмбақ өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жұмбақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұмбақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұмбақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері