Өлең, жыр, ақындар

Өмір деген

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Өмір деген
Өмір деген ағын су
Сол ағында өзгелермен жарысу
Өзгермейтін заңы шығар өмірдің
Басқалардан озу және қалысу.

Өмір деген
Сәтсіз бен сәтті шығар
Сүре білген адамға тәтті шығар
Көрінгенмен біреуге кейде жұмсақ,
Ал біреуге тастан да қатты шығар.

Өмір деген
Пойыз дерсің келіп - кетер,
Басы келсе соңы да жылдам жетер.
Бағалай біл кездескен жолаушыны
Сол пойызда өткізген қайран күндер!

Өмір деген
Минуттық тіл тәрізді
Тықылдаған әр қадамы маңызды.
Кейін қайта жүрмейтіні секілді
Жастығымыз қайта келмес жалынды.

Бағалайық, бауырларым, өмірді!
Өткізейік әрбір сәтін көңілді!
Жаман ойды мүлдем алып санадан
Шүкір етіп күнімізге бүгінгі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір деген өлеңінің авторы кім?

Бекзат Берікболова — осы өлеңнің авторы.

Өмір деген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Өмір деген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бекзат Берікболова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өмір деген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.