Бұл бетте «Бақыт» атты Ledy_m_asilzat жазған бақыт туралы өлең берілген.
Дауыл сезген бауырынан қыранның, Көбелектей «балапан қыз» болды ұмыт. Елегізген әуеніне бір әннің, Қабағына қоңыр таудың қонды бұлт.
Ағын судай көңілдің жоқ тұрағы, Сезім толқып ішіме кеп тұнады. Көздерімді көзіңе қаратқызбай, Ыстық жалын сен жақтан бетке ұрады.
Қиялымнан тартқандай көкпар ағын, Ақтарамын, таулардың көк парағын. Сағымданған дарияның құшағына, Шомылғым кеп, үздігіп көп қарадым.
Хабарлама
INFO
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі