Барыс-Келіс
- 0
- 0
Желе жортып үстімен әз даламның,
Алматыға...
ай, былтыр...
жазда бардым,
Бұл бетте «Жүрегім дүрс соғады» атты Дамир Жапаров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Дамир Жапаров — осы өлеңнің авторы.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.
Бұл өлеңде Дамир Жапаров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.
Есік ашық шыққанға, кіргенге де,
Бес азамат тұрамыз бір бөлмеде.
Қиялымыз сияқты бесеуміздің
Бес құрлықты айналып жүрген кеме..
Бір, екі, үш, төрт... және мен... О, бөлмелес!
Өткен дәурен өздерің ғой, өңге емес.
...Поезд жүрді. Іш өртенді. Сөнді елес.
Қалды Алматы төсек қабы...
Бұл заманда қағаз, қалам тегін, беу,
Маған қалған бар шаруа —
ерінбеу,
яки мына уақытқа желінбеу.
Уақытша келгенмін, қонғанмын,
Ертең кетемін. Дайынмын.
Ақтөбеде де мен тоңғанмын,
Мен аязды танитын қайыңмын.
Қазақ дейтін қасиетті қаныммен,
Қанша сырға қанықтым.
Ғасырлардың қойнауына үңіліп,
Ғаламатын жаңа ұқтым.
Айман
Тамаша. Өлең тақырыбы да, өлеңнің өзі де керемет жазлған.
damirzhaparov
Үлкен рақмет !
Модератор
Егер авторы өзіңіз болсаңыз , - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.
Әсем
Жарайсың!
Шұғыла
Əрине,қазағым шұбарланып барады.Бұл өлеңіңіз сіздің дара да дана тұлға,кеменгер боларыңызға айғақ.Себебі, осы жолдардан кез келген қазақтың батыры мен сұлуы жігерленіп,намысын оята алады.Меніңше,өнеріңіз өрге жүзіп, талабыңызға нұр жаусын.
Сіздей кеменгер, Қазақ елінің мақтанышы боларлық дарынды əрі талапты Сыр ақынын дүниеге алып келген ата-анаңызға мың рахмет.Үміттерін ақтаңыз...
Сəлемнен Дарын мектебінің 6 сынып оқушысы
damirzhaparov
Рахмет