Бабалардың жанымен келген тәуелсіздік
Бұл бетте «Бабалардың жанымен келген тәуелсіздік» атты toktarkanovadana жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген.
Бірлігі айрандай ұйып тұрған ел едік,
Алқымынан жау алмайтын бөрі едік.
Қазақтың жеріне ат сауғалаған мейманға,
Құлашын сермеп,кең жайылған төр едік.
Жоңғар келіп атой салды,бірлікті бұзып,
Соғыс кетті талайлардың демін үзіп.
Жесірін қолдап,жетімін жылатпаған қайран елім,
Дұшпанның қаhарына төтеп берді шыдап-төзіп.
300 жыл бодан болдық намысы өшкен арсыздарға,
Құл атандық,күң де болдық аты өшкір жансыздарға.
Қабанбай,Бөгенбай сынды рухы мығым батырларым,
Қарсы тұрды,билігімді бермеді бақсыздарға.
Халқымның сан қилы тағдыры елестейді көз алдыма,
Сол көрініс бабамның найзасындай батады жас жаныма.
Алайда шүкір етіп,тәубе деймін мейірі шексіз Жаратқанға,
Тәуелсіздік сыйлап, бақ қондырды алақаныма.
Абайдай алыптарды дүниеге әкелген ел,
Махамбеттің ерлігін әуеге қарай көтерген ел.
Қабанбайдай ұлдарын ұлықтаған батыр ел,
Әлия,Мәншүк қыздарын ұмытпаған батыл ел.
Желтоқсанда қанмен келген азаттығың,
Естілмесін бұдан былай азапты үнің.
Бабалардың жанымен келген Тәуелсіздік барда,
Қазағым, жойылмасын Қазақтығың!
Өте керемет!!! Тамаша жазылған. Осындай жалынды жастарымыз барда қазақ елінің гүлдене беретініне сенімдіміз!!!
Өте жақсы, маған керемет ұнады, осыдан таймай арығарата тамаша өлеңдерінді жазуға тілектеспін. Сәттілік!
Өте мағыналы жазылған өлең
Керемет өлең жолдары . жұлдызың жана берсін
Дананың өлеңдері терең мағыналы. Мектеп қабырғасында жүріп өлең жаза бастаған. Бір жинақ шығаратындай уақыт болып қалды. Алға!
oyan 18 деген ілмектің арасы қосылып жазылу керек, oyan18 деп
Рахмет барлықтарыңызға. Ниеттеріңіз қабыл болсын! Әмин! Иә дұрыс айтасыз oyan18 арасына абайсызда пробел қойылып кетті.
Жақсы жазыпсыз, бірақ авторы өзім деп белгіленбепті :)
Рахмет! Авторы өзім деп белгілеп қойдым
Жарайсың алтын қайыңсіңілімау , өнерің өрге жүзсін. Елінің елеулісі, халқының қалаулысы бол. Тек биіктерден көріне бер. Біз сені жақсы көреміз. Атына заты сай алтыным жарайсың.
Жарайсың
Рахмет
жарайсын дана ,о
жарайсын дана,өте керемет жазылған,қаламын әрі карай ұмтала берсін,осы боиңан талай өлендерды жаза бер . биіктен қорын!!!
Керемет. Дана талабына нұр жаусын. Биіктен көріне бер. Енді кітап жазып шығаруыңа тілектеспін
Молодец Дана..Кандай керемет адеми создер, жаксы натижесимен шыгарыпсын, ол улкен ис.
Менин елим менин жерим Отаным деп турган жастаргаоз басым ризамын.кандай адеми керемет создер. Осындай создер адамнын бойындагы рухты,тилине ,елине, туган жерине, Отанына деген сезимди оятады
Әмин! Рахмет барлықтарыңызға
Өте Керемет!!! өте Мағаналы жазылған!!!
Дана жаным өлеңдерің керемет.Талабыңа нұр жаусын.
Дана жарайсын.Оте керемет жазыпсын.Талабына нур жаусын.
Жарайсың Дана.Өнерің устем болсын биіктерден көріне бер.
Әмин! Рахмет барлықтарыңызға????????????
Барлықтарыңызға рахмет


Тамаша өте мағыналы өнерің өрге жузсін, талай биіктерден көрін
Дана жарайсын!
Дана өлеңдерің әсерлі! Тамаша екен. Енді өлеңдерің жинақ болып шықсын. Аллам тіл-көзден сақтасын.
Дана жарайсың, өлеңдерің өте керемет!Биік шыңнан көріне бер#
Дана бәрекелді! Қанатың талмасын. Асқақ армандарыңа жете бер. Өлеңдерің терең ойлы,мағыналы жазылыпты. Әр түрлі тақырыпты қозғапсың. Бұл қалпыңнан танбай ары қарай жалғастыра бер. Шығармашылығың жемісті болсын.