Анасыздар
Бұл бетте «Анасыздар» атты toktarkanovadana жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Анасыздар – кең пейілді данасыздар,
Анасыздар – қорған болған панасыздар.
Анасыздар – кең дархан даласыздар,
Мыңнан бір,жүзден жүйрік дарасыздар!
Күннің нұры,ай шуағы – Ана деген,
Көсегеміз көгерер Анаменен.
Бақыты ғой,өмірі ғой Ананың,
Бар тілегі,қуанышы бала деген.
Анасыздар – Ақ Еділ Жайықсыздар,
Өте алмайды өтіңізден қайықсыздар,
Әр ошаққа сәуле төгіп тұратын,
Әрбір үйдің күні десе лайықсыздар!
Анасыздар – қырмызы гүл қызғалдақтай,
Жайсаңсыздар жүре алмас сыр ақтармай.
Жайдарлысыз – арайланып жаңа атқан ақ таңдай,
Періштедей көңіліңнің ақтығы үлпілдеген мақтадай.
Уа,жамағат қадірлеңдер Ананы,
Мына бізге қорған болар пана деп,
Жұмақтың кілті соларда екенін ұмытпай,
Құрметтей біл әр әйелді Ана деп!!!
Өте мәнді,мағынасы зор
Адамды толғандыратын өлең
Сіз Қалмахан Жанарсызба
Дана жаным ана жайлы толғауың керемет қаламын ұштала берсін қарағым
Ана деген ардақты жанды пір тұтып осындай керемет өлең жолдарын көпшілікке талқыға салу өте маңызды қадам
Қаламың мұқалмасын жаным
Шыгармашылык онерын орге жузсын. Ана туралы жаксы айтылган олен.
Багындырар биигин копболсын.
Дана кызым өте əдемі такпак жаздын анамызды кадрлер керек саган коп рахмет осындаи такпак жазған ушін
Дана жанныннан шыккан олендерин керемет адамнын жан бауырын жаулап алады озиме ден саулык тилеймин Онерин орлей берсин жаным
Өте керемет.жарайсың
Рахмет баршаңызға
Өте мағынасы зор,жан дуниенді баурайды,Дана-өнерің өрге жузсің!
Дана қызым сайыста жеңіп шығуыңа тілектеспіз қадамыңа гүл бітсін!