Түнгі поэзия – Гүлнұр Мұратқызы

Бұл бетте «Түнгі поэзия» атты Гүлнұр Мұратқызы жазған поэзия туралы өлең берілген.

Бұлттардай алдамшы мамықтың
Өзіне алданып қамықтың
Сырласың мен болып сол күні,
Көзіңнен жас болып тамыппын
-Неліктен?

Мұңыңды тарқату емің бе?
Жылатып кетесің кемінде..
Жанымды ауырта бермеші..
Онсызда сырым көп менің де
-Түсін.

Жүгірер қалайша оққа адам?
Сондайсың кезің жоқ тоқтаған
Жаныңды түсінер жалғанда,
Немене,бір түйір жоқ па адам?
-Өтірік!

Құлазып қасыңнан қайтамын
Күмәндан менен де.Байқағын
Болмашы сырыңды қоймасаң,
Сырыңды әлемге айтамын!
Қалжың ғой)))


Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз, - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері