Өлең, жыр, ақындар

Өз өзіңмен сырласу..

Өз өзіңмен сырласу

Жас көңілің ұялшақтау жасық тым..
Сен сонда да бір қадамға асықтың
Сен туралы мың ойлансам жазықтым,
Білемісің бір-ақ өлең жазыппын..

Жақсымысың,көңілің ше ол қалай?
Жақсы шығар..әне қара толған ай.
Сыңарыңды өлең дейтін жарыққа,
Оны да сен қойыпсың ғой жолдамай..

Аяғыңда тайғанақ мұз таяды
Армандарың орнында ма баяғы?
Мен-ақ білер сенің мына сырыңды
Айға айтпашы жұлдыздарға жаяды..

Жұлқылап кеп жер жұтқандай еңсеңді
Өлеңің де жай таба алмай теңселді.
Ұнататын Мұқаңның тұр кітабы,
Жатырқамай поэзияңа келші енді!

Табиғаттың сыйы ме екен а,заңды?
Аларсың-ау тегі бір күн жазаңды
Бала көңіл қалатындай бәрінен,
Алып жүр ме тағы біреу мазаңды?

Жақсымысың,сабағың ше ол қалай?
Сені жүрмін бұл күндері қолдамай..
Өз кейпіңе,өлеңіңе енсеңші,
Бақыттының басты рөлін сомдамай..

Жас көңілің ұялшақтау жасық тым..
Сен сонда да бір қадамға асықтың
Сен туралы мың ойлансам жазықтым,
Білемісің бір-ақ өлең жазыппын..



Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз , - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Пікір қалдырыңыз

Ұстазым

  • 0
  • 2

Біз кешпеген өмірдің ақ қарасын
Жалықпай соны үйретіп ақтарасың
Біз түгіл бүкіл әлем бас иеді
Ешбірі өзіңдей жан таппағасын.

Толық

Оян, жүрек!

  • 0
  • 3

Төсекке таңылуда..
Оян,жүрек дес берме жаңылуға!
Айналып кеткенінше жаның уға
Ей,менің қызыл ала қан жүрегім,

Толық

Түнгі поэзия

  • 0
  • 1

Бұлттардай алдамшы мамықтың
Өзіне алданып қамықтың
Сырласың мен болып сол күні,
Көзіңнен жас болып тамыппын

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар