ДОСЫМА – Темірхан Сабина

Бұл бетте «ДОСЫМА» атты Темірхан Сабина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Айтар ойын тосылмай,
Өзгелерге қосылмай,
Тура айтар бір беткей,
Менің адал досым-ай.

Мен қуансам қуанар,
Кезі келсе сыналар,
Жабырқасам сөз айтар,
Кәдімгідей жұбанар.

"Сәлем, құрбым" дегені,
Көңілге нұр себеді.
Жұбымыз еш жазылмас,
Шын достармыз, себебі.

Уақыт бірге көңілді,
Бағалаймыз өмірді.
Ойымыз да үндесіп,
Бір арнада өрілді.

Өтсін күндер арбасып,
Жылдар жылға алмасып.
Жүре берсін мәңгілік,
Достығымыз жалғасып,


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері