Білімге ұмтылам

Бұл бетте «Білімге ұмтылам» атты Темірхан Сабина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ғажайып, теңдесі жоқ бұл ғаламда,
Бәрі-бәрі тиесілі тек адамға.
Өмірдің қожайыны болу үшін,
Білім керек оған, саған, маған да.

Ыбырай баба мектепті ашып берді,
Қолға ұстатты алғашқы әліппені,
Ұстаз қаққан қоңыраудың әз үні,
Оятты талай-талай шәкірттерді.

Содан бері, ықылым заман өтті,
Үйренді білімменен адам көпті.
Ғылымға да құлаш ұрып, ең ақыры,
Бағындырды көкте де самолетті.

Білімді ұрпақ танытты қазақ атын,
Абай менен Шәкәрім, Мағжан ақын.
Жыр - бұлақтан сусындап ішіп келем,
Содан болар, менің жаным жырға жақын

"Білімдінің күні жарық" дейді бабам,
Оқимын, біліміммен күндей жанам.
Зиялы ұлттың өкілі, ұрпағымын,
Әлі талай белесті, асуды алам.


Пікірлер (2)

kaus

ұмтыламын болытын шығар?

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз , - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Білімге ұмтылам өлеңінің авторы кім?

Темірхан Сабина — осы өлеңнің авторы.

Білімге ұмтылам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Білімге ұмтылам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Сабина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Білімге ұмтылам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері