Бесік жыры – Қалқаман Сарин

Бұл бетте «Бесік жыры» атты Қалқаман Сарин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.01.2019
  • 0
  • 1
  • 15216
Тәй — тәй басып бөпешім, жүргенің қандай
Қөз қуаныш көкешім, күлгенің балдай.
Аспандағы ай-күнді, аламын дейсің,
Асқар таудай айбынды, боламын дейсің.

Қайырмасы:
Әлди әлди, ақ бөпем,
Сендей сәби жоқ, көкем,
Анам әкем дейсің бе,
Тілің тәтті екен.

Әлди әлди, ақ еркем,
Бой жетерсің сен, ертең,
Мақтанышы еліңнің,
Өзің бол еркем.

Баурап тәтті қылығың, ән салды жаным
Менің мөлдір тұнығым, кәусәр бұлағым.
Жайнап өскен жан гүлім, сенсің-ау жаным
Қадамыңа ақ нұры, жаусын алланың.

Қайырмасы:
Әлди әлди, ақ бөпем,
Сендей сәби жоқ, көкем,
Анам әкем дейсің бе,
Тілің тәтті екен.

Әлди әлди, ақ еркем,
Бой жетерсің сен, ертең,
Мақтанышы еліңнің,
Өзің бол еркем.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Асылан

Калкаман дарынды акын.керемет акын. Казакка буйырган...

Осы автордың басқа өлеңдері