Өлең, жыр, ақындар

шаңырақ

Шаңырақ

Елімізде бір шаңырақ астында
тату да тәтті өмір сүріп
жатқан ұлт өкілдеріне арналады.

Жарқырасын, өмірлерің, жаңарсын,
Барлығың да перзентімсің, баламсың!
Көңілдерің керегедей байланып,
Ниеттерің уықтайын қадалсын!

Дәуірлерден әдемі әнді есіткем,
Әлди үнің ыңылдағам бесікте.
Төрім даяр мәртебелі мейманға,
Шат күлкімен кіріп келсе есіктен.

Болашақтың биігіне ту ілдік,
Жақсылыққа бола білдік мұрындық.
Батырлық пен ақындықтың жаршысы
Ғасырлардың сырын білер туырлық!

Тату елміз, жұдырықтай жұмылған,
Ауызбірлік қалыптасқан бұрыннан.
Мәрттігімді қазағымның сезгейсін,
Жарқыраған күндей жайсаң жырымнан.

Қуантатын налалыны, шерліні,
Қазақ елі таумінезді кербұғы.
Жомарттығы қойдай момын жұртымның,
Күллі әлемге, жер жаһанға белгілі.


Айтуар Бекежанов



Пікірлер (1)

Dias

Тақырыбын бас әріппен жазу керек еді

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз