Бекзада мұң
- 0
- 0
Бекзада мұң таңдап алған ашынам.
Кеш қарайса тағы шарап ішеміз.
Мұң шарабы мың жыл тұрып ашыған
Ішкен сайын қара терге түсеміз.
Бұл бетте «Ұлыма өсиет» атты Қайрат Мажақов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бекзада мұң таңдап алған ашынам.
Кеш қарайса тағы шарап ішеміз.
Мұң шарабы мың жыл тұрып ашыған
Ішкен сайын қара терге түсеміз.
Сен де мені тергемеші
Шалқасынан туған айым.
Жер болғанда жерлемеші,
Мен де сені қинамайын...
Өлгім келеді! Өлгім келеді!
Тек сені ғана көргім келеді!
Қаңғырып жүрмін, қарашы маған,
Қажет пе саған желдің дерегі?
Жанарымда жас қаулап,
Жалғыз қалдым көшеде.
Бәрі осылай аспандап,
Бәрі осылай өше ме?
Аяз, әлде, өмір ме? Қауып алды...
Ашық тұрған әлемді жауып алдым.
Құлпы салдым жүрекке тарс бекітіп?
Сонда мені сен қалай тауып алдың?
Сен кетесің. Кетер бірге жел сөз де!
Жалғыз досым жел қалады ел кезбе...
Сен кетесің. Күндеуші де жоғалар...
Күн қалады тек шуағы ғана бар.
Ұлдана
Өлең жақсы шығыпты, бірақ ілмектен кейін үтір қою керек. Болмаса қазылар алқасы көрмейді, өңдеу деген жерден өңдеуге болады
Дастан
Өлең шығып тұр ғой
shibyrek
Ұлдана қай жерге үтір қоям
Модератор
oyan18, деп үтір арқылы бөлу керек.
Ұлдана
Мысалы: oyan18, өсиет жайлы, деп үтір арқылы жазылу керек. Қалам деген белгіні басып өңдеуге болады.