Өлгім келеді!
Бұл бетте «Өлгім келеді!» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өлгім келеді! Өлгім келеді!
Тек сені ғана көргім келеді!
Қаңғырып жүрмін, қарашы маған,
Қажет пе саған желдің дерегі?
Кеткім келеді...
Өбкім келеді...
Өлімге бұлттай шөккім келеді!
Құшақтап тұрып әлдебіреуді
Жанымды ақтарып төккім келеді!
Белгісіз жаққа қашқым келеді!
Өртімді өртпен басқым келеді!
Мен емес, жердің қиратып бәрін
Сағыныш көтерген тасқын келді!
Өлгім келеді! Өлгім келеді!
Жоқ, маған сенсең, жердің керегі!
Ауа да! Ай да! Кун қажет емес!
Тек сені ғана көргім келеді!!!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі