Бұл бетте «Жанарымда жас қаулап» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жанарымда жас қаулап,
Жалғыз қалдым көшеде.
Бәрі осылай аспандап,
Бәрі осылай өше ме?
Бәрі ғашық, бәрі ынтық
Көктеммін!- деп мастанба.
Білмеуші ме ең, жаным, түк
От шығарын тастан да?
Ақша бұлттай бұлқынып,
Қатар тұра алмадық.
Алға қарай ұмтылып,
Алыстауды таңдадық.
Жүрек – сенің тұрағың,
Мәртебелі әз елес!
Оның несін сұрадың?
Халім менің мәз емес...
Жалт қараттың көзіңмен,
Жолықтың да, шоқ қылдың.
Бір-ақ ауыз сөзіңмен
Бәрін өртеп жоқ қылдың!
Жанарымда жас қаулап,
Жалғыз қалдым көшеде.
Бәрі осылай аспандап,
Бәрі осылай өше ме?
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі