Талпыныс – Аманжол Рысмендиев

Бұл бетте «Талпыныс» атты Аманжол Рысмендиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өмірдің мәні, көңілдің сәні – талпыныс,
Мақсатқа ұмтыл, «жетем» деп бала, ал, тырыс.
Арманды көздеп, бойыңды өзгерт, шаршама,
Болмасын сенде ынжықтық және алқыныс.
Санаңда жатыр, сапырсаң қанша жобалар,
Жүзеге асыр, мән бермей жүрсең жоғалар.
Жарқын ой болсын, басыңда бағыт беретін
Өмір дегенің ойыңнан бастап оңалар!

***

Ерінесің, керілесің, берілесің уайымға,
Өміріңнің осал тұсы жайында.
Басты көтер, бұл заманда оп-оңай,
Тік қасықты сала алмайсың дайынға.
Қолдағанды, қорғағанды өзгелерден күтпегін,
Керек емес еш бір жанға проблемаң, жүктерің.
«Өз бақытым -- өз қолымда», -- деп біліп,
Керегесін сеніміңнің тіктегін!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (2)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз , - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Ұлдана

Біреудің өлеңімен сайысқа қатыса алмайсыз ғой

Осы автордың басқа өлеңдері