Айт

Бұл бетте «Айт» атты Сұлтанмахмұт Торайғыров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.04.2015
  • 1
  • 4
  • 14559
Жер жүзін көк шөп басып түрленгендей,
Қызарып бәйшешектер гүлденгендей.
Киініп қыз, келіншек жарқылдайды,
Бір түрлі жаңа тұрмыс түрге енгендей.

Шаттықта өңі ашыңқы бала-шаға,
Оларды есіркейді қамқор ана.
Жастар да өз бетімен қырындап жүр,
Бұраң бел жас сәулемді есіне ала.

Әр үйдің, тілегенге есігі ашық,
Шаттық бар, жамандың ой кеткен кашып.
Сойған қой, берген қымыз құрметіне
Байлар да кердеңдейді алшаң басып.

Аттанған қожа-молда тиын қуып,
Сәлдемен он бес құлаш белді буып.
Мұрт басқан, сүрме тартқан, тырнақ кескен
Дәретпен жып-жылтыр қып бетті жуып.

Жалғыз-ақ дорба асынған кедей кәріп,
Аштықтан өңі кеткен беті де арып.
Әркімдер тиын-тебен беріп жатыр,
Дегенге: «Құтты болсын, айт шәріп!»


Пікірлер (4)

Ереке

Зор

Енлик Бакытхан

Сіздерге кооп рахмет

Сара

Зың ғой

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айт өлеңінің авторы кім?

Сұлтанмахмұт Торайғыров — осы өлеңнің авторы.

Айт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сұлтанмахмұт Торайғыров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері