Елікпеңдер, ей жігіттер, қызбаңдар
- 0
- 0
Елікпеңдер, ей жігіттер, қызбаңдар.
өмір деген — гүл шоғы емес қызды алдар.
Көктем ғой деп көлкілдеме көйлекшең,
мына күннің артында өлі ызғар бар.
Бұл бетте «Оянайық балалар» атты AyshaBimurza жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
AyshaBimurza — осы өлеңнің авторы.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.
Бұл өлеңде AyshaBimurza өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.
Елікпеңдер, ей жігіттер, қызбаңдар.
өмір деген — гүл шоғы емес қызды алдар.
Көктем ғой деп көлкілдеме көйлекшең,
мына күннің артында өлі ызғар бар.
Қайда кеттің бұлтың-бұлтың боп қашып,
ала толқын, тоқтай тұршы, тоқташы:
Сенің ернің керек болып тұр маған
сүю үшін жағалаудың көк тасын.
Күндер өткен сайын ауыл қашықтап,
күндер өткен сайын жүрміз ғашық боп.
Машық болды ауылым деп жыр жазу,
сағыну да айналды оны машыққа.
Өз шаруаңа өзің тұтқын, сан ойлап
туған үйді жүрсің ойша маңайлап.
Балаң өскен сайын ауылды ойлайсың,
суыртпақ боп түскен сайын самайға ақ,
Бір циклды төгіп-шашып бітірдім,
бір кәдеге жарар білем, шүкір, бұл.
Енді нені жазсам екен мен осы,
ал, Уақыт, құлақ сенде, үкім қыл.
Шың-тас, сені жасағам жоқ мен ойдан,
бұлақ, сені жасағам жоқ мен ойдан.
Ойдан өзге түк көрмеймін кейде осы
мұнары бар, тұманы бар маңайдан.
Балауса
Керемет
Адилғазы Айым
Керемет
Али
Керемет!!! Жарайсын Аиша
Ергалым
Оте адеми жаттауга лайык магынасы бар такпак
нур керим
керемет
Алина
Жарайсың
Айдын
Жарайсың
Айко
AyshaBimurza!