Өлең, жыр, ақындар

Бойы бұлғаң

  • 20.02.2019
  • 0
  • 21
  • 351060
Бойы бұлғаң,
Сөзі жылмаң
Кімді көрсем, мен сонан
Бетті бастым,
Қатты састым,
Тұра қаштым жалма-жан.
Өз ойында,
Тұл бойында
Бір міні жоқ пендесіп,
Түзде мырзаң,
Үйде сырдаң,
Сөзі қылжаң еркесіп.
Бас құрасып,
Мал сұрасып,
Бермегенмен кетісер.
Адам аулап,
Сыпыра саулап,
Байды жаулап жетісер.
Сөз қыдыртқан,
Жұрт құтыртқан,
Антын, арын саудалап.
Бұтты-шатты,
Үй санатты,
Байдан атты алмалап.
Кедейі — ер,
Кеселі зор,
Малды байдан сорлы жоқ.
Аш көмектің,
Жемдемектің,
Босқа әлектің орны жоқ.
Ел қағынды,
Мал сабылды,
Ұрлық, өтірік гу де гу.
Байы — баспақ,
Биі саспақ,
Әулекі аспақ сыпыра қу.
Ақы берген,
Айтса көнген,
Тыныштық іздер елде жоқ.
Аққа тартқан,
Жөнге қайтқан,
Ақыл айтар пенде жоқ.
Әз тұтуға,
Сыйласуға
Қалмады жан бір татыр.
Сыпыра батыр,
Пәле шақыр,
Болдың ақыр тап-тақыр.
Су жұғар ма,
Сөз ұғар ма,
Сыпыра жылмаң желбуаз?
Айтты — көндім,
Алды — бердім,
Енді өкіндім — өзіме аз.



Пікірлер (21)

Айзере

Өте керемет пақпақ тар

Азамат

Шынымды айтсам дым түсінбедім, не жейлі айтылып жатыр? Біреу болса түсіндіріп беретін.

Аяжан

Өте кемкт!. Сөздері тербетерлік
, парақша өте жақсы

Марал

dudeontheguitar дың айтатын әннің мәтіні ғой

Алмас

Азамат, айналада өңкей дүниеқоңыз, жылпос, өз қара басын ойлайтын, елді бір біріне айдап салатын жексұрын адамдар туралы айтады .

Ерасыл

Осы Олен кушти екен

Ерасыл

Оте керемет

Ерасыл

Оте керемет

Айдын

Өте керемет

Мади

Мына өлеңді тыңдай бергім келеді . Сендер жаттадыңдарма

Мади

Мына өлең өте керемет тыңдай бергім келеді. Сендер жаттадыңдар ма сұрақ ?

думан

жаттап отырм сол жарыс болады деп

Назым ^᪲᪲

Кішкене қате бар бірақ күшті!

Айсауле

Өте оңай екен гой

Айару

Өлең тыңдап жаттап аллым ғо

Аружан

Олен кушти екен

Алма

Dudeontheguitar & Hey Monro - Бойы бұлғаң (сөздер/lyrics/текст)

Нур

Абай Құнанбайұлының «Бойы бұлғаң» өлеңі – бұл тек қана сыртқы әлеуметтік әдеттерді сынға алу емес. Бұл – танымдық диссонанс пен моральдық деконструкцияның терең психологиялық процесін суреттейтін философиялық шедевр.

Өлең ішкі қайшылықтың күрделі динамикасын ашады. «Бойы бұлғаң, Сөзі жылмаң... Бетті бастым, Қатты састым, Тұра қаштым жалма-жан» – бұл жолдар адамның ішкі абыржуын және сыртқы ортаға санасыз бейімделуін көрсетеді.

Өлеңнің негізгі идеясы – психологиялық конформизм және тұлғаның бұлдырауы. «Өз ойында, Тұл бойында Бір міні жоқ пендесіп» – индивид өзінің тұлғалық тұтастығын жоғалтып, жасанды қабырғаның артына жасырынады. «Түзде мырзаң, Үйде сырдаң» деген саптар әлеуметтік рөлдердің екіжүзділігін ашып, адамның жағымпаздыққа деген патологиялық бейімділігін көрсетеді.

Ақын саудаланған құндылықтар мен жасанды қатынастардың эпистемологиялық негізін сынайды. «Антын, арын саудалап... Байдан атты алмалап» – бұл жерде этикалық категориялар (сенім, береке) нарықтық қатынасқа айналып, адамның моральдық компасын жояды.

Өлеңнің кульминациясы – рухани кедейлік пен экзистенциалдық дағдарыс. «Ақы берген, Айтса көнген... Ақыл айтар пенде жоқ» – интеллектуалдық деградация мен сыни ойлау қабілетінің жоғалуы туралы трагедиялық констатация.

Соңғы бөлім – тұлғаның рефлексиясы мен моральдық катарсисі. «Айтты – көндім, Алды – бердім, Енді өкіндім – өзіме аз» – бұл жолдар ішкі түрленудің және өзін-өзі танудың басталуын білдіреді.

«Бойы бұлғаң» – бұл ғасырларға созылған рухани диагноз. Абай осы шығармасында адамзаттың ең терең трагедиясын – өзінің тұлғалық тұтастығын жоғалтуын суреттейді.

Айна

Абайдың ең өткір сатиралық өлеңдерінің бірі. Ақын ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамындағы екіжүзділікті, жалмаң сөзділікті, жағымпаздықты және материалдық пайда үшін адамгершілікті сатуды қатты сынап, әшкерелейді.

Дико

Абай Құнанбайұлының «Бойы бұлғаң» өлеңі мінез бен сөздің үйлесімсіздігі туралы терең ой салатын шығармасы. Ақынның тілі көркем, ойы салмақты, адам мінезінің нәзік және сын-қатерлі қырларын ашып көрсетеді. Қазақ әдебиеті мен классикалық өлеңдерге қызығатын оқырман үшін пайдалы және тәрбиелік мәні зор туынды.

Шұғыла☄️

Абай Құнанбайұлының «Бойы бұлғаң» өлеңі — қарапайым сөздерімен терең ойды айшықтайтын іргелі туынды. Ақын бұл шығармасында адам мінезінің екіжүзділігін, ішкі адам мен сырт бейненің арасындағы қайшылықты шебер бейнелейді: қоғам алдында «бойы бұлғаң», ал іштей — күнделікті күйбеңге бойұсынған пенденің абырой мен болмыс іздеуі айқын көрінеді.

Бұл өлең — адам мінезіндегі жалтаңдық пен шынайы болмыстың арасындағы күресті суреттейтін шымыр толғау, қоғамның әдет‑ғұрыптарымен иланған адам жүрегінің сыңарын көрсетеді. Оның әрбір жолы — адамға өзіңнің мінезіңді терең бағалауға, ішкі дүниеңді зерделеуге шақыратын философиялық сызба.

Осындай классикалық поэзияны оқу арқылы қазақ әдебиетінің бай тілін, терең ойлы мазмұнын түсініп, рухани байлыққа кенеле түсуге болады деп ойлаймын.

Пікір қалдырыңыз

Туғызған ата ана жоқ

  • 1
  • 13

Туғызған ата ана жоқ,
Туғызарлық бала жоқ.
Туысқан туған, құрбылас
Қызығымен және жоқ.

Толық

Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен

  • 1
  • 11

Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен,
Менмен, кердең, қайғысыз ер көңілмен,
Жазғытүрым жасырып жердің бетін,
Жасыл шөппен, бой жеткен егінмен тең.

Толық

Ескілік киімі

  • 0
  • 3

Ойланып, ойға кеттім жүз жылғы өткен,
Тон қабаттап кигенім — шидем шекпен.
Жейде-дамбал ақ саңнан, жарғақ шалбар,
Жырым балақ матамен әдіптеткен.

Толық

Қарап көріңіз