Өлең, жыр, ақындар

Бір адамға

  • 18.04.2015
  • 2
  • 10
  • 45911
Бір үйде жиюлы екен қазына мал,
Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:
«Бұрынғы атамызға сыйға берген,
Біздерде мынадай бар, мынадай бар!..»
Ол рас, аталарың шенге алыпты,
Арзан ғып, қымбат емес, кемге алыпты.
Апыр - ай қалай бұлдаған сатқандарын,
Оқа, түйме, сылдырлақ, теңге алыпты!
Суреттер және көрдім жүзі жарқын,
Ойладым: «Оңдырған - ау, баққан халқын».
Соншама құны толық бұлды түйме,
Артында қалдырмас па жақсы даңқын.
Дедім мен: «Құтты болсын шекпеніңіз,
Артқыға қандай егін еккеніңіз?
Жусақ та денемізден кетер емес,
Сондағы тұқым шашып сепкеніңіз».
Көргенде күміс кесе, алтын аяқ,
Бір сөзді тамағыма қойдым таяп.
«Қай момынның малы бар бұл аяқта?»
Демейінше болмады, қарап жай - ақ.
Отырдым көрсем жекіп тастар ма деп,
Шал айтты: «Көріңіздер жасқанба!» деп.
Кесені қолыма алып қарай бердім,
Ішінде нахақ көзден жас бар ма деп.



Пікірлер (10)

kz2015

Керемет

Нұрлан

Кесені қолыма алып қарай бердім,
Ішінде нахақ көзден жас бар ма деп.

Аңсағаным

Жақсы
Бұл оленнин негізгі ойы кандай?

Арай

Аңсағанымға жауап: Ой жоқ ешқандай, жәәәй ерігіп жаза салған ғой!

Садуахас гүлназ

маған сұлтан махмұд торайғыровтың өлеңдері керек

Асел

Арай !Сіз бұл ақынның өмірінің қаншалықты акыр болғанын білесіз бе?
Ол анасынан ерте айырылып,жастай қайтыс болған.
Аңсағаным,бұл өлеңнің мағынасы ақын қазақтарға мектеп ашып,оқытқысы келген.Сөйтіп ақша жинап əр үйге барған.Бірақ бəрі оған байлығын көрсетіп мақтанған.Ал ақын өлеңі арқылы қолы ашық,қысқышы айтқанда адамгершілігі бар адам іздегенін айтқысы келген.

Арсен

Бізге жаттауға бердіғо

Сауле

Бұл өлеңде с дүниеқоңыз адамдардың тірлігі туралы айтылады. Қазіргі кезде өздерінің жинаған материалдық байлықтарына мақтанып, соны көпшілікке көрсетіп мақтанатындар көбейіп кетті ғой. Сұлтанмахмұт ақын тура сондай адамдарға келер ұрпаққа қандай жол көрсетіп барасыңдар? - деп сұрақ қойып тұр. Маңдай терін төкпей біреудің әлсіздігін пайдаланып байлыққа қол жеткізгендіктері туралы сөз қозғайды.Кесені қолыма алып қарай бердім, ішінде нақақ көзден жас бар ма ? - деп айтып тұр ғой. Қазіргі кезде бұл өлеңнің өзектілігі жойылмаған.

Бауыржан

Әсел, пікіріңіз тамаша! бірақ, Арай әлгі сөзін Аңсағанымға кекесінмен жазғаны сезіліп тұр. Бас-аяғы төрт шумақ өлеңнің қарапайым идеясын ұқпайтын, өз "мнениесі" жоқ, онысын жұрттан сұрайтын рухани мүгедек жандар көп.

Қазбек

Керемет түсінген жанға, дүниені жинап мақтанып жұртқа көрсеткен қайырымсыз адамдар туралы айтқан

Пікір қалдырыңыз

Мұқышқа

  • 1
  • 0

Жарқыным, мұның қай екпін,
Шыдамадың дәйекпен.
Отыз бес жыл май алған,
Жатуға жайлап таянған

Толық

Осы да әділдік пе?

  • 1
  • 1

Дүниенің дөңгелегі айналады:
Кімі үстінде гуляйттап жайланады;
Кімі астында езілер саз балшықтай,
Білмеймін, түбі неге айналады?

Толық

Өмірді үзіп алуы

  • 1
  • 1

Өмірді үзіп алуы,
Қараңғы көрге салуы.
Мың жасасаң да көңілде,
Сөзсіз, арман қалуы.

Толық

Қарап көріңіз