Сөз - қару – ayazhan1709

Бұл бетте «Сөз - қару» атты ayazhan1709 жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бар шаруаңды шешіп берер сөз - қару,
Өлеңменен жауап берер бұл ару.
Ата - бабам сөзге тоқтап, қадірлеген,
Ұрысты да сөзбенен жеңіп жүрген.
Сөз - қару, ойланып бір қараңыздар,
Сөзбенен шешіледі маңыздылар.
Сөз - қару, сүйектен де өтеді,
Сөзбенен ренжітіп алмаңыздар.
Сөз - қару, ойланып бір қараңыздар,
Сөзбенен асқақ арман орындалар.
Сөз - қару, жүрекке дейін жетеді,
Сезімдер де әсем сөзбен айқындалар.
Сөз - қару, сондықтан да абайлаңыз,
Бір сөзді айтпай тұрып ойланыңыз.
"Шүкір, шүкір" деген біздің сөздер де,
Тағдырларды шешіп берер бір күнде.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар