Домбыраға қол соқпа
- 1
- 16
Домбыраға қол соқпа,
Шымырлатып бір-бірлеп.
Жүрегім, соқпа, кел тоқта,
Жас келер көзге жүр-жүрлеп.
Бұл бетте «Ал сенейін, сенейін» атты Абай Құнанбайұлы (Құнанбаев) жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Домбыраға қол соқпа,
Шымырлатып бір-бірлеп.
Жүрегім, соқпа, кел тоқта,
Жас келер көзге жүр-жүрлеп.
Саудайы ай, сауды алмадың ау, сырқауды алып,
Бір пәлеге жолықтың шырқау барып.
Ала жаздай көгалды бір көрмедің,
Сары жұртқа қондың ба ірге аударып?
Ерекше естен кетпес қызық қайда?
Жолығатын қыз қайда терең сайда?
Сұлулығын қояйын, мінезі артық,
Ақылды, асыл жүрек, сөзі майда.
Есіңде бар ма жас күнің,
Көкірегің толық, басың бос,
Қайғысыз, ойсыз, мас күнің —
Кімді көрсең, бәрі дос.
Айкоркем
Өте керемет өлең шумақтары маған ұнады
Керемет
Айкоркем
Ал сениін деген өлени керемет