Көңілім менің қараңғы. Бол, бол, ақын! – Абай Құнанбайұлы

Бұл бетте «Көңілім менің қараңғы. Бол, бол, ақын!» атты Абай Құнанбайұлы жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 08.03.2019
  • 0
  • 1
  • 17174
Көңілім менің қараңғы. Бол, бол, ақын!
Алтынды домбыраңмен келші жақын.
Ішек бойлап он саусақ жорғаласа,
Бейіштің үні шығар қоңыр салқын.
Егер сорым түбімен әкетпесе,
Керек қой көңілді үміт тебірентсе.
Қатып қалған көзімде бір тамшы жас
Төгілмей ме, бой жылып, ол да ерісе?!

* * *

(И. В. Гете — М. Ю. Лермонтовтан)


Пікірлер (1)

Енлик

Оте керемет жазылган екен!

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері