Өлең, жыр, ақындар

Өзіңе сенбе, жас ойшыл

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 08.03.2019
  • 0
  • 4
  • 20245
Өзіңе сенбе, жас ойшыл,
Тіл өнері дертпен тең.
Көңілдің жүгін қиял қыл,
Ызаға тұтқын бой мең-зең.
Қасиет тұтып, ойға ұмтыл,
Қан қайнап, қуат егілсін!
Онан гөрі еңбек қыл,
Улы сусын төгілсін!
Ойлай берсең, ой деген
Не қызыққа келер кез.
Кісі айтпаған, білмеген
Күй әдемі, тәтті сөз.
Тыңдама оны, ұмыт сен,
Бүркен дағы, бар да жат.
Тамылжытып айтқанмен,
Қыла алмассың сен қымбат.
Кез болсаң қайғы я зарға,
Құрсатса тілді ұмтылтып,
Алып шықпа базарға
Асаудайын бұлқынтып.
Қайғы-дертің мейлі мың,
Саудаға салмақ — өзіңе ар.
Жаныңа түскен жараның
Іріңін нетсін надандар.
Біліп оған не керек,
Ішіңнен қайғы жемесең,
Жалтаңдаған жас жүрек
Байғұс-ай десін демесең.
Өз бойыңа болып сақ,
Жан-жағыңа қараңдар!
Күн көріп жүр күліп-ақ
Сенен басқа жарандар.
Олардың да ешбірін
Қайғы аман қойған жоқ шығар.
Ойлап, байқап көр түрін,
Таттырмап па дүние зар?
Күлкі болмай, қой, жаным,
Сен бүйтесің, ол қайтті?
Олар көрген арманын
Кімге шақты, кімге айтты?!

* * *

(И. А. Буниннен)


Пікірлер (4)

Айка

Өте көп бірақ



Рақмет!!!!

Аягөз

Əдемі өлеңдер

Инабат

Өте керемет

Nazym

Күшті

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзіңе сенбе, жас ойшыл өлеңінің авторы кім?

Абай Құнанбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Өзіңе сенбе, жас ойшыл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Өзіңе сенбе, жас ойшыл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абай Құнанбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзіңе сенбе, жас ойшыл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері