Әбдірахманға – Абай Құнанбайұлы (Құнанбаев)

Бұл бетте «Әбдірахманға» атты Абай Құнанбайұлы (Құнанбаев) жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.03.2019
  • 0
  • 1
  • 15390
Алланың рахматын
Жар тұтып әр неге,
Әр Рахман ол атын
Үйреткен жүмлеге.
Дұғаның қуатын
Жіберме өңгеге.
Әбіштің сыйххатын
Беркітсең кеудеге.
Рәушан сипатын
Тез көрсет пендеге.
Осындай шапқатын
Ұмытам мен неге?
Зар хатым — бұл хатым,
Бізді тыныш жүр деме.
Азайып қуатым,
Денем жүр көрмеге.
Бұл — жазған сұңғатым,
Көңіл ашар бір наме.
Менің сол рахатым
Көзіме сүрмеге.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Очень интиресная

Ол өте қызық советкую

Осы автордың басқа өлеңдері