Күлімсіреп аспан тұр
- 0
- 4
Күлімсіреп аспан тұр,
Жерге ойлантып әр нені.
Бір себепсіз қайғы құр
Баса ма екен пендені?
Бұл бетте «Лай суға май бітпес қой өткенге» атты Абай Құнанбайұлы (Құнанбаев) жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күлімсіреп аспан тұр,
Жерге ойлантып әр нені.
Бір себепсіз қайғы құр
Баса ма екен пендені?
Сұрғылт тұман дым бүркіп,
Барқыт бешпент сулайды.
Жеңіменен көз сүртіп,
Сұрланып жігіт жылайды.
Дүрілдеген нажағай,
Бұрқыраған жауынның
Ашылмағы бар ма басынан
Бағы қайтқан қауымның?
Жақсылық ұзақ тұрмайды,
Жамандық әр кез тозбайды.
Үміттің аты елеріп,
Қос тізгінді созбайды.
Ал сенейін, сенейін,
Айтқаныңа көнейін.
Шалма ораған сопының
Ішін арам демейін.
Тахмина
Өте Жақсы өлең
Тахмина
Өлең өте әдемі айтылған
Ақылды
Маған ұнады
Аруна
Класс. Маған ұнады.
MTG-REBOLA NO MEU C4RALHO
Жаттап алдым, өте керемет айтылған. Абылай араб досым абрикосым
Елдана
Өте керемет өлең
А
Өте керемет