Өлең, жыр, ақындар

Әбдірахман өлгенде

  • 08.03.2019
  • 0
  • 2
  • 18167
Арғы атасы қажы еді
Бейштен татқан шәрбәтті.
Жарықтықтың өнері
Айтуға тілді тербетті.
Адалдық, ақыл жасынан
Қозғапты, тыныштық бермепті,
Мал түгіл жанға мырза еді,
Әр қиынға сермепті.
Мұңды, шерлі, жоқ-жітік
Аңсап алдын кернепті.
Бәрінің көңілін тындырып,
Біреуін ала көрмепті.
Әділ, мырза, ер болып,
Әлемге жайған өрнекті.
Тәубесін еске түсіріп,
Тентекті тыйып, жерлепті.
Қазақтың ұлы қамалап,
Іздеген жүзін көрмек-ті.
Ақылынан ап қайтқан
Өлгенше болар ермекті.
Ол сыпатты қазақтан
Дүниеге ешкім келмепті.
Өлмейтін атақ қалдырып,
Дүниеге көңілін бөлмепті.
Жарлығына Алланың,
Ерте ойлаған көнбек-ті.
Олар да тірі қалған жоқ,
Тірлік арты өлмек-ті.
Оны да алды бұл өлім,
Сабырлық қылсақ керек-ті.



Пікірлер (2)

???

Мен негізі абайдың көптеген жарыстарына қатысқанмын.және абай өлеңдерінің көбісін білемін

Қайролла Алина

Әбдірахман ең сүйікті ұлы еді

Пікір қалдырыңыз

Әбдірахман өлгенде

  • 0
  • 4

Тұла бойың ұят-ар едің,
Ескеріп істеп, ойлаған.
Тәуекелге нар едің,
Талаппен терең бойлаған.

Толық

Жүрегім, нені сезесің

  • 1
  • 6

Жүрегім, нені сезесің,
Сенен басқа жан жоқ па?
Дүниені, көңілім, кезесің,
Тиянақ жоқ па, қой, тоқта!

Толық

Тұтқындағы батыр

  • 0
  • 6

Қараңғы үй терезесі — тұтқын орны,
Көгерген көктің жүзі ескі формы.
Азат құстар аспанда ойнап ұшса,
Ұялып қарай алмас мендей сорлы.

Толық

Басқа да жазбалар