Кешегі өткен ер Әбіш – Абай Құнанбайұлы

Бұл бетте «Кешегі өткен ер Әбіш» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.03.2019
  • 1
  • 5
  • 25847
Кешегі өткен ер Әбіш
Елден бір асқан ерек-ті.
Жүрегі — жылы, бойы — құрыш,
Туысы жаннан бөлек-ті.
Өнері оның жұрт асқан,
Ғылымға көңілі зерек-ті.
Аямаған ғаріптен
Қолдан келген көмекті.
Кісіге сідет жүктетпей,
Еңбекпен тапқан қоректі.
Біреудің қылған қарызын
Айтқызбай артық төлепті.
Боямасыз ақ көңіл,
Кірлетпей кетті жүректі.
Ойламаған өлімнен
Жасқанамын демек-ті.
Тағдырға тәбділ бола ма,
Сабырлық қылсақ керек-ті.


Пікірлер (5)

Дильназ

Тамаша дыр

Гүлмира

Не деген керемет өлең жолдары

Myrza

Өте керемет

???

өте керемет өлен

????

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері