Өлең, жыр, ақындар

Булыойық

  • 09.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2928
Маңғыстау түбегінде Булыойық атты жерасты үңгірі бар. Тереңдігі 200—300 метрдей. Үш қабатты алып киіз үй тәрізді күмбездерден тұратын бұл жұмбақ үңгірдің түбінде көздің жасындай мөп-мөлдір су жатыр. Үңгірдің сырттағы аузында қойтастан қашалған астау тұр. Қай заманда болса да әйтеуір адамға қызмет еткені осыдан ұғынылады.

I.
Булыойық —
Маңғыстауда жұмбақ үңгір,
Жұмбақ үңгір құпиясын тыңдағым бір.
Келген еді,
Амал не жақпар тастар,
Сулық жатыр сыр шертпей күңгір-күңгір.
Күңгір-күңгір сырлары ағытылса,
Жүре берер еді ғой нұрланып жыр...

II.
Арда сүтін ешкімге емізбеген,
Шел дала,
Қашық ақжал теңіз деген.
Абайсызда үстінен түсті үңгірдің,
Хатшы, тілші, директор шөп іздеген.
Жатыр үңгір құпиясы ашылмаған,
Қабырғасын мүк басқан жасылдаған,
Иланарлық,
Сонау бір сәби кезде,
Мекен еткен десе егер осында Адам.
Болжам да дерек те мол, ағат та бар:
— Мұнда әр ғасыр керуені қонақтаған,
— Қарақшы да түнеген жалақтаған,
— Батыр қонған жауға елін тонатпаған,
Жолаушылар дейді шай сораптаған,
Сыртта ыстық күйетін құс қанаты,
Ал үңгірден өседі сабат-самал.
— Тылсым сырға тек қана ұққан қанар,
Өмір үлесін жығылған, жыққан да алар.
Талай заман өтті ғой, бұл үңгірде,
Бай - алтынын, сұлулар - сырғаларын,
Ал ғұлама кітабын тыққан болар.
— Үзілгенше ақырғы алатын дем,
Сәуле іздеген адамдар қара түннен.
Дәл осындай үңгірден басталыпты,
Сүлеймен патша кенішіне баратын жол...
— Дәл осындай... дәл осы... дәл осы жер.
Бір сыр ұқтым ертегі елесінен, —
Кенет тілші орнынан атып тұрып,
Өзеуреді, — Дәл осы, дәл осы жер!
— Не осы жер, айтсаңшы не осы жер?
— Ертегіге елтіп жаста ерке өстік,
Естеріңде бар ма батыр Ертөстік?
Шалқұйрықпен жер астына түскені,
Жер үстінен мәңгі күдер үзгені,
Сонда... сонда...
Ебін тауып жылан Бапы елінен,
Туған жердің төсіне
Шыққан жері осы жер.
Жарық дүние қадырын,
Ұққан жері осы жер!
Деді хатшы:
— Дұрыс байлам шырағым,
Сүйсінтеді құпияға құмарың,
Ертегіде арманы бар халықтың,
Сондықтан ол асылың мен тұмарың,
Табиғаттың көп қой салған өрнегі,
Жаралғалы көрмед дейсің Жер нені,
Мына үңгір де
Болар соның жарасы,
Бәлкім тыныс саласы,
Дүниенің жұмбағы мол шешілмес,
Байырқап бір қарашы...
— Дәл таптыңыз, —деді
Тілші шаттықпен тән балаға,
Пікіріңіз ұғынықты санаға,
Жер — Ананың тыныс алар Танауы —
Үңгіріңіз-үңгір емес, Жан Аға.
Пікіріңіз құйылып тұр санаға,
Ұлы Танау —
Жерімде ата мекен.
Болғанын айқай салып, атап өтем.
Булыойықтан,
Жазда есіп сабат-самал,
Ал қыста бу бұрқырап жатады екен.
Ей, — Адамдар нұр ұшқан ізетіңнен,
Қиянаттың талайы түзетілген.
Жер — Анамыз тұншығып қалмауы үшін,
Бітемей,
Тонамай,
Құлатпай,
Күзетіңдер, үңгірді күзетіңдер!

III
...Ал директор үнсіз қалған манадан,
Ойын айтты белін буып, қалаған:
— Бұл үңгірдің түбінде,
Жеткен аман бүгінге,
Су жатыр.
Көз жасындай тұп-тұнық,
Арулықты, зәрулікті ұқтырып.
Бос сөздерге жем қылмалық уақытты,
«Сол суды ішкен болар адам бақытты», —
Деп естігем,
Жүр үңгірге түселік.
Түселік те
Әлгі судан ішелік.
...Жүрегінде жанып тұрған жалын жыр,
Жолаушылар бір әсерге малынды.
Жеңді оларды құпияға құштарлық,
Жетеледі тылсымына ал, Үңгір...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аңсады сені, сағынды жүрек

  • 0
  • 0

Аңсаймын қырды желпіп бір самал өткенде,
Аңсаймын сырды құрбыға шертер көктемде.
Кездескендердің бәрін де құшсам деп жүрмін,
Жатсыну деген жоқ менде.

Толық

Ақыннан ақыл сұра ма

  • 0
  • 0

Ақыннан ақыл сұра ма,
Білседағы
Айтпайды ақыл сірәда.
Одан да сұра:

Толық

Жер атауы – шежірем

  • 0
  • 0

Шыңыраулар,
Қыземшектi шоқылар,
Аттарыңнан талай сырлар оқылар...
Тамшалы –

Толық

Қарап көріңіз