Өлең, жыр, ақындар

Қарашүңгіл

  • 09.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2896
«Қарашүңгіл» мұнай кені. Ол 1860 жылдан белгілі. Ембі мұнай бассейніндегі бірінші мұнай фонтаны 1899 жылы осы Қарашүңгілде атқылады. (Тәулігіне 15-150 т.).
(Қазақ совет энциклопедиясының 6 томынан).

Қарашүңгіл!
Өзіңде аласым жүр,
Құпияңды ашпаған даласың бір.
Шежіреге жүгінсек... шежіреге,
Дарияның бастауы боласың бұл.
Нанайын ба, япырау, нанбайын ба,
Таңдану бар тақылдақ таңдайымда.
Бір тонна май әлі күн бермесең де,
Бақ бар екен өлшеусіз маңдайыңда.
Жазылған жоқ сен жайлы дастан әлі,
Қазылған жоқ жыртылын астар әрі.
Қарт Ембінің жұмысшы тарихы да,
Сонда да бір өзіңнен басталады..
Өткен ғасыр шымырлап өзегіңнен,
Шыққан майды.
Жақты жұрт тезегіңмен.
Жер түбінен өңдеусіз осыны да,
Қалай ғана ағылшын сезе білген.
Оңай олжа өзгені шат қылады,
Белгі — қазақ әр жерге қақты дағы. .
Атырауға салынып тұңғыш бұрғы,.
Тұңғыш фонтан өзіңнен атқылады.
Барар жері болып сан соқпақтардың,
Қазынаңды абайсыз текке ақтардың,
Өзге жұрттың әміремін білгендей-ақ.
Ұзамай тоқтап қалдың.
Содан соң да шырқатып қанша жырды,
Қойныңа бойламады қанша бұрғы.
Сонда да (шошыдың ба алпауыттап),
Қалпыңда міз бақпадың сол сабырлы.
Дейді жұрт: «Қарашүңгіл» киелі бел,
Айдарын аймалайды сүйеді жел.
Оңдырмайды кетсең де тасын алып.
Аруағы дәл түсер жасын анық.
Сұғанақ қол шошытып, бермей жатыр,
Бар майын бауырына басып алып.
Жалған ба екен білмеймін, рас па екен,
Бұл аңыз. (Кімге, сірә, сыр ашты екен).
Халқымның туған жерге махаббаты,
Осылай Атырауын нұр асты етер.
Әлі талай ақынға боласың жыр.
Боласың жыр арнаңа толасың бір.
Ұлдарыңның қайратты, епті қолы,
Идіреді өзіңді, Қарашүңгіл!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ей, адамзат!

  • 0
  • 0

Ей, адамзат!
Райхан гүлдер солмасын,
Бақыт құсын қондыратын қолға шын.
Жыламасын жарын күткен жас ана,

Толық

Ақ Жайық - Ару

  • 0
  • 0

Ақ Жайық – Ару, сылдырап әсем ағасың,
Өзіңмен тартам безбенге тірлік бағасын.
Қондырар шөлді бал суың,
Сондықтан сенен жоқ асыл.

Толық

Ата Қазақ

  • 0
  • 0

Бір шыңырау және онда жалғыз қауға,
Құтым болған түссе де сансыз дауға.
Әрқашанда қамқор боп қол созасыз,
360 әулиелі Маңғыстауғ

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар