Пеленің 1000-шы добы – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Пеленің 1000-шы добы» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1271
Қақпаға аңыратып,
Соққанда 1000-шы доп.
Стадионды жамыратып,
«Табындың талантыңа,
Пележан ұғыншы», — деп,
Жанкүйер қол соққанда.
Футболшы жылап тұрды,
Бақытпен кездескендей.
Бетпе-бет бірінші рет...
Мың ойын мың түрлі еді,
(Мың бақыт мүмкін бе еді?)
Шайқалып стадион,
Мың рет дүрілдеді,
Мың рет күлімдеді...
Толқытты осы көрініс,
Неліктен бүгін мені?
Біткен жоқ ақырғы әнім,
Мұратым — жыр өнерім,
Деп іштей түнеремін:
(Қол соғар оқырманым,
Жазылмақ қашан менің,
Бір өлеңім.
Ой-зерде ашар кеңіп,
Ірі Өлеңім?!».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері