Жарыста озар лайық – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Жарыста озар лайық» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1211
Қай кезде де болған ғой тақ таласы,
Әкеге бала болған бақталасы.
Жақсы-жаман патшалар келер-кетер,
Тек қана өмір жыры тоқтамасын.
Дидар ғайып, адамға ажал ғайып,
Әлемде болған істен көз алмайық.
Әбділдин, Әбіловтер аласұрған,
«Қазақ елін құртты – деп Назарбаев».
Өмір – базар, жеткенше әл базарлайық,
Өмір – жарыс, жарыста озар лайық.
Бақталастар не айтпайды тақ жолында,
Қазақты қазақ еткен Назарбаев.
Өсек өрт-ау шайпау тіл сумаң еткен,
Кей патшалар өмірін думан еткен.
Тақ құмарлар елімді етпесе екен,
Құдайкенің көшіндей суға кеткен.

27. 02. 2007 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері