Орынтай – Біржан сал Қожағұлұлы

Бұл бетте «Орынтай» атты Біржан сал Қожағұлұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2029
Дегенге Орынтай-ды, Орынтай-ды.
Қыздардан биыл менің жолым тайды
Қолымды Орынтайға бір жеткізсең,
Берер ем жеңгелікке торы тайды.
Ғашықпын бір өзіңе, Орынтайым,
Басқаны жолда тұрса не қылайын!
Ойымнан жатсам-тұрсам бір кетпейсің,
Жолыңа сәруәр еткен бір құдайым.
Орынтай, сен бір күн — нұр естен кетпес»
Сен үшін не болсам да уақа етпес.
Жолыңа шашсам-дағы дүние малын,
Сонда да, Орынтайым, қолым жетпес.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері