Балқожаға – Біржан сал Қожағұлұлы

Бұл бетте «Балқожаға» атты Біржан сал Қожағұлұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1793
Балқожа, сенің әкең — Құдайберген,
Әрқашан жаман болмайд жақсыға ерген.
Кешегі жаңа закон шыққан кезде,
Оязнай елге шығып бала берген.
Иіс-қоңыс, іріп-шіріп жатқанында,
Қолыңнан Азынабай ұстап берген,
Көтерем аусыл болған өгіздерше,
Жаңа шығып келесің биік өрден.
«Көн құрысса, қалпына барад» деген,
Атаңды мен қайтейін аштан өлген.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері