Бұл бетте «Әзіл» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
"Оңашалап жолықтық жылға жақта,
Сыбырласып сырластық біржар апта.
Менен мықты ақын көп, сенем,
Бірақ,
Сенен сұлу ару жоқ бұл қазақта!" —
Деп жырлап ем бір қызды баяғыда,
Қозыдай-ақ табысқан Баянына.
Ол қыз кетті жатпенен,
Тағы бірі
Жөргем болып ілінді аяғыма.
Бола ма адам біреуге текке ғашық,
Бауыр-ғашық болдық біз,
өкпе-ғашық.
Оған да әлгі бағытпен жыр арнадым,
Қоймаған соң сонымды бетке басып.
Енді қашан, құдай-ау, тоқталамын?!
Қаладан — қыз, даладан жоқ қарадым.
Жырлай, жырлай ең сұлу аруларды,
Ең мықты ақын мен өзім боп барамын...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі