Бұлар кім?

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 18.04.2015
  • 1
  • 0
  • 12737
Бұлар кім үсті-басын мұнар жапқан,
Жалқаулық бір-бірінде алты батпан.
Аяғын алға қарай бір баспайды,
Жолына құрылғандай алмас қақпан.

Өз ара жанжалдасып қанға батқан,
Ішінде түрлі пітіне толып жатқан.
Басқаны өз қарнынан ойламайды,
Мал берсе, ары түгіл жанын сатқан.

«А, құдай, бере көр!» деп тыныш жатқан,
Тағдырға барлық ісін үйіп артқан.
Өзі жатып құдайды жұмсамаса,
«Кәпір болдың» дейтұғын молда тапқан.

Жау болып бірін-бірі күнде шапқан,
Жасы, қарты — бәрі де бәле баққан.
Соқырға жан-тәнімен басын ұрып,
Көздісін көмір қылып отқа жаққан.

Ауруы оңалмастай түрі жаман,
Түсінтер бұларды айтып қандай адам.
Екенін дұрыс-бұрыс біле алмаймын,
Береді былай жауап біреу маған:

– «Көрінген сіздің көзге нашар жандар,
Болады жалқау, надан мұсылмандар.
Ұжмақтан ай мен күндей хорды күтіп,
Басқаға кең дүниені ұсынғандар.

Бұлардың түрік еді арғы заты,
Жиһанды тітіреткен салтанаты.
Бұл күнде азып-тозып күлкі болған,
Бұлар да сол түріктің жұрағаты».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұлар кім? өлеңінің авторы кім?

Сұлтанмахмұт Торайғыров — осы өлеңнің авторы.

Бұлар кім? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Бұлар кім? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сұлтанмахмұт Торайғыров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұлар кім? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері