Бұл бетте «Аспанда ұшқан ақсұңқар» атты Махамбет Өтемісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аспанда ұшқан ақсұңқар,
Қолымда тұйғын, лашын.
Қосылған жаста арудың
Көре алмай кеттім құлашын.
Арпа жемес арғымақ
Ақ селеу отқа зар болар.
Миуа, шекер жемеген
Алғаным менен балдарым,
Қоңырсыған дүние-ай,
Қой етіне зар болар.
Жапаннан қарсақ ін қазар,
Хан салдырған жәрмеңке,
Жырақ болсын бізден бұ базар.
Қатын қалса, бай табар,
Қарындас қалса, жай табар.
Артымда қалған ақсақал
Алқалай кеңес құрған күн
Ақылменен ой табар.
Кейін қалған жас бала,
Күдер үзіп біздерден,
Көңілі қашан жай табар?
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі