Әрайна – Махамбет Өтемісұлы

Бұл бетте «Әрайна» атты Махамбет Өтемісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.03.2019
  • 0
  • 1
  • 11907
Әрайна, билер, Әрайна,
Арғымағым жарай ма?
Астыма мінген арғымақ
Күшіген жүнді, шал жебе,
Жауына қардай борай ма?
Ел шетіне жау келсе,
Азамат ердің баласы
Намысына шыдай ма,
Жаттан көмек сұрай ма?!
Арғымақ жалсыз,
Ер малсыз,
Алланың не берері болжаусыз,
Жолдастарым, мұңайма!!!


Пікірлер (1)

Санжар

Өте күшті екен. Мағыналы сөзі де күшті.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері