Жастығымды жоғалттым – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Жастығымды жоғалттым» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.02.2021
  • 0
  • 0
  • 824
Жастығымды жоғалттым,
Жансебілмін,
Қоңырайып,
Оңаша қанша егілдім.
Ұрлап жатты барлығын мүттәйім күн,
Татып келем ащысын қамшы-өмірдің.
Алданамын білсем де,
Бекінсем де,
Тірлігімнің әкеттің шетін сен де.
Кеуек кеудем барады қурайға ұқсап,
Қалт-құлт етіп тұратын
Жетім, шөлде...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері