Ай астында бір көл бар

Бұл бетте «Ай астында бір көл бар» атты Махамбет Өтемісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.03.2019
  • 0
  • 3
  • 16087
Ай астында бір көл бар,
Ат шаптырса жеткісіз.
Ортасында алуа, секер бар,
Татқан қулар кеткісіз.
Қарада да қара бар,
Хан ұлы басып өткісіз.
Алланың бір күні бар,
Бір жарым ай жеткісіз.
Мұңдас ерлер болмаса,
Менің айтқан сөзімнің
Құлқына жаман жеткісіз.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (3)

Ураа

Ураа

Айзере

Маған бұл өлең ұнайды

Айаулым

Норым қиын емес

Осы автордың басқа өлеңдері